Қайырымдылық – қадірлі іс

Қайырымдылық – қадірлі іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. 

Меркі ауданының «Меркі ата» мешітінің бас имамы Қасымалиев Батырбек қажының ұйымдастыруымен Меркі ауданына қарасты Меркі елді-мекенінде көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Іс-шара аясында 2 тонна көмір 2 отбасына көмек ретінде таратылды. 1 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Меркі ауданы Кеңес ауылының имамы Меден Жұбаныштың ұйымдастыруымен Кеңес ауылының көпбалалы, жағдайы төмен 10 отбасына 140 000 тг көлемінде азық-түлік сатып алынып, таратылды.

Жұртшылық көрсетілген қайырымдылыққа алғысын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.     

Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: