Жылу сыйлау науқаны

Жылу сыйлау науқаны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қыс – қыр астында. Хәкім Абай айтқан «кәрі құда» әне-міне дегенше, басқан жерін сықырлатып, үскірік, аязбенен демалып, қырау басып өз хақына енгелі біраз болды.

Күнтізбелік жаңа жылдың шымылдығын аудандық «Қордай» мешіті Аллаға ұнамды іс - қайырымдылықпен бастады. Демеушілердің көмегімен 45 тонна көмір түсірілді. Аталмыш отын қыстың дәл ортасында тағдырдың қиындығын басынан кешіп отырған аз қамтылған отбасыларға және ауданымыздың шалғайында орналасқан  отынмен қамтамасыз етілмеген мешіттерге таратылды.

Қайырымдылық барысында тек аудан ортылығының тұрғындары ғана емес, аудан бойынша өзге ауыл тұрғындарыда қамтылды. Бас имам Д.Жандосұлының ұйғарымымен мешіттерге 4 тоннадан, аудан тұрғындарына 3 тоннадан, ауылдық аймақтардағы аз қамтылған отбасыларға әр қайсысына 2 тоннадан  көмір таратылды. Көмір сатып алу және оны жеткізіп беру шығындарын қосқанда қайырымдылыққа 1 225 000 теңге жұмсалынып, 28 отбасымен 2 мешіт қамтылды.

Сондай-ақ, бүгінгі мейірімділік науқаны материалдық қажеттіліктермен ғана шектелмей, әр үйге бас сұққан бас имам Дәуренбек Жандосұлы асыл дініміз Ислам жайында әсерлі уағыздар айтып, көңілі кемшін жандардың жүректеріне иман жылуын сыйласа, ауылдық имам-молдалар осы істі атқара білді.Көмек алушылар дін қызметкерлеріне алғыстарын айтып, разышылықтарын білдірді.

аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

            

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: