Қайырымдылық қадірлі іс

Қайырымдылық қадірлі іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық ізгіліктің нақты көрінісі. Үлкен байлықпен адамға үлкен қайырым бітпейді, керісінше, үлкен қайырымдылық жинаған байлығыңды абыройлы етеді емес пе? Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқалай жолмен де қайырымдылық жасаудың жолдары көп.

Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят Алмахановтың ұйымдастыруымен бір жыл ішінде бірқатар қайырымдылық іс шаралар өткізілді. Міне, бүгін тағыда Шу ауданында тұратын жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық жасалды.

Нақтылап айтар болсақ Шу ауданында тұратын 7 мұқтаж отбасына аудандық Төле би мешіті тарапынан (7 қап ұн, 35 литр сұйық май, 1 қой еті, макарон, күріш, 7кг қант, 7кг конфет, алма, банан) күнделікті тұтынатын қажетті азық-түлік таратылды. Көрсетілген іс-шараларға мұқтаж жандар өз ризалықтарын білдірді.  Аудандық мешіттің бас имамы Аят Алмаханов Алла қаласа осындай игі іс-шаралар осымен аяқталмай əліде өз жалғасын табатынын жеткізді.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: