Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы аудан орталығындағы қайырымдылық мекемесінің тәрбиенешулерімен имандылық негізінде дәріс өткізіп, тәрбиенушілердің хал-ахуалымен танысып қайтты.

Аталмыш мекемеде асыраушысынан айырылған, аз қамтылған отбасылардың балалары тәрбиеленеді. Имандылық дәрісінен кейін, кешкі дастархан үстінде ғибратты әңгімелер өз жалғасын тапты. Хадис шәріптердің бірінде пайғамбарамыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар! Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды», – деген болатын. 

Аталмыш хадиске сүйене отырып,  бас имам Д.Жандосұлы бүлдіршіндерге  дәстүр бойынша базарлық алып келді. Демеушілердің қамқорлығымен  төрт мекеме тәрбиеленушісіне қысқы киімдер, атап айтқанда 4 жылы куртка, 4 дана аяқ киім, жылы киімдер сыйға тартылды. Мекеме басшылығы, тәрбиеленушілері демеушілерге, мешіт қызметкерлеріне өз разылықтарын білдірді.

аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: