"Көршісі аш отырған бізден емес"

"Көршісі аш отырған бізден емес"

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адами қасиеттердің ең қадірлісі - қайырымдылық болғандықтан, оны жасаудың өзі бір үлкен ғибрат.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: "Жер бетіндегілерге мейрімділік көрсетсеңдер, көктегілер де сендерге мейрімділік көрсетеді" деген.

Міне, осыған орай, Шу аудандық "Төле би" мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық науқаны өтті. Аудандық мешіттің бас имамы Аят Алмахановтың ұйытқы болуымен 150000 теңгеге 10 тонна көмір алынып, ауданда тұратын жағдайы төмен отбасыларды аралап, қыстық отын суға мұқтаж жандарға яғни 30 отбасына көмек көрсетілді.

Əр жанұяға 7-8 қаптан көмір таратылды. Осындай игі іс-шараға разы болған аудан тұрғындары рахметтерін айтып баталарын жаудырды.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: