Мәуліт кеші аталып өтті

Мәуліт кеші аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан аулында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айына орай ұйымдастырылған Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың ұйымдастыруымен өткен рухани кешке ауданымызға белгілі ақсақалдар және ақ жаулықты аналар мен ауыл тұрғындары қатысты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты мәуліт мерекесі «Алтын сарай» мейрамханасында болды. Мәуліт кешіне жиналған жамағат адамзаттың асылы болған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға деген халықтың ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін аңғартқандай.

Кеш шымылдығы Тараз қаласының «Әулие ата» мешітінің имамы Ораз Баймахановтың Құран оқуымен ашылды.

Аудандық ақсақалдар төрағасы Қожайхан Бижанов: «Құрметті, жамағат! Егемегенді ел болғанымызға жиырма жылдан асты. Алла осыған дейін жоғалтқан егемендігімізді, дінімізді, ділімізді жандандырып, қайта өзімізге қайтарып отыр. Бүгін мұсылмандар үшін нұр шашылғанан күн. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Мәулітіне жиналып отырмыз. Осы мерекеміз құтты болсын! Әр мұсылманның шаңырағына шаттық береке, амандық алып келсін,» - деп түйіндеді.

Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың құттықтау лебізін білдірді. Мәуліт мерекесінің мән-маңызы жайлы айтып өткен бас имамның дәйекті сөздері рухани кешке жиылған жамағаттың сәл де болса білімін арттырып, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) деген сүйіспеншіліктерін оятуға септігін тигізгені сөзсіз.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: