ПАЙҒАМБАРҒА САҒЫНЫШ!

ПАЙҒАМБАРҒА САҒЫНЫШ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Байзақ ауданы Аймантөбе ауылы «Аймантөбе» мешітінде «Пайғамбарға сағыныш» атты рухани мәуліт кеші болды.

Рухани кештің қонағы ҚМДБ–ның Жамбыл облысындағы өкілі "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) ғұмырынан сыр шертіп: "Мәуліт мерекесін атап өтудегі басты мақсатымыз - халықтың басын қосып, Пайғамбарға деген сағынышты көрсете білу," - дей келе, «Айман төбе» мешітінің бас имамы Кеңжехан Рахмановты атқарған қызметтерін ескере отырып алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ, Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Сегізбайұлы жиналған жамағаты мәуліт мерекесімен құттықтап, осындай тәрбиесі мол іс–шаралардың жиі болуы - біз үшін қуаныш дей келе, осы мешіттің бас имамын алғыс хатпен марапаттады.

Жиында сөз алған ауданның құрметті азаматы сазгер ақын Қасқырбай Нарбатырұлы жыр шумақтарын оқып, ауылға мешіт соғып гүлдендірген Дидарбек Жаппарұлы «Айман төбе» мешітінің бас имамы Рахманов Кеңжеханның үстіне шапан жауып, мешіттің жаңашыры ауылдың тумасы Аян Лесбекұлы ризашылығын білдірді.

Рухани шарада шәкірттер илләхи жырларын оқып, арнайы дайындалған «Пайғамбарымызға сағыныш хаты» атты видеоролик жмағатқа ұсынылды.

Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауаттар жолданып, Байзақ ауданының қариы Хазірет және «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы «Айман төбе» мешітінің шәкірттерімен бірге мәуліт жырын оқыды.

Рухани кеш дастархан басында жалғасын тапты.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: