Имамдардан арнайы құрылған топтың айлық отырысы жүргізілді.

Имамдардан арнайы құрылған топтың айлық отырысы жүргізілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінде экстремизм мен терроризмге байланысты имамдардан құралған арнайы топтың кезекті жиналысы өтті.  Аталған бас қосуды ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев жүргізді.

Жиында осы айда атқарылатын іс-шаралар жоспары қаралып, дін мамандарына тапсырмалар бекітілді. Жат ағыммен күрес мақсатында айтылатын уағыздар тақырыбы тапсырылып, мешіттер мен кездесу шарасы өтетін орындар тілге тиек болды. Қоғамдағы теріс ағыммен жасалып жатқан жұмыс барысы талқыланып, ұсыныс, пікірлер тыңдалды. 

Арнайы топтың мамандары жамағат арасындағы проблемаларды ортаға салып, шешу жолдары қарастырылды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: