МӘУЛІТ – МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ

МӘУЛІТ – МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Екі дүние сардары, ардақты Елшіміз Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған айы Мәуліт мерекесі басталғалы жер-жерден жалғасын тапқан ізгі шаралардың толқыны толастар емес.

Еліміздің тәуелсіздік мерекесімен қатар Шу қалалық «Жәми» мешітінің ұжымы болып Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылған күніне орай үлкен дастархан жайылып,  ас берілді. Келген қонақтарға арнайы бас имам Қуат қажы Дүйсенбайұлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінен, яғни ислам тарихынан уағыз-насихат айтып ислам нәрімен сусындатты. Бүкіл ғаламға мейірім ретінде жіберілген Елшінің (с.ғ.с.) есімін ардақтау, сүннетіне амал ету – сауапты іс.

Ақ дастархан басында қариялар мешіт ұжымына және де бүгінгі мерейлі күнге демеушілік танытқан кәсіпкер азаматтарға, мешіт жамағаттарына алғыстарын жеткізді.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: