Меркі ауданында Мәуліт мерекесі тойланды

Меркі ауданында Мәуліт мерекесі тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүкіл әлем халықтарының болашақ тағдырына алаңдап, өз өмірін уайыммен өткізген адамзаттың асылы болған ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күні Мәуліт мерекесін мерекелеу үмметі үшін үлкен бір қуаныш. Осындай қуанышты Меркі ауданының жұртшылығы аңсап, жылда тойлап өтетіні дәстүрге айналдырғаны белгілі. 

Биылғы Мәуліт мерекесін «Жүніс молда» мешітінің имамы Дастан Құран оқумен ашып, облыстан ат артып келген қонақ «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жақып Ғалымбек жиналған көпшілікті Мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен сөз қозғап, мерекелік бағдарламадағы әсем әндер мен жыр-шумақтар, бейне көріністерді халықпен бірге тамашалады.

Мерекелік сахнадан әсер алған халық аудандық «Меркі ата» мешітінің асханасында Мәуліт мерекесіне дайындалған дастарханда бас қосып, той жалғасын тапты. Соңында Құран оқылып, дұға-тілектер айтылды.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: