ҰЛЫН ӨЛТІРГЕН ҚЫЛМЫСКЕР ҚҰРАН ЖАТТАСА, КЕШІРІМ БЕРЕТІНІН АЙТТЫ

ҰЛЫН ӨЛТІРГЕН ҚЫЛМЫСКЕР ҚҰРАН ЖАТТАСА, КЕШІРІМ БЕРЕТІНІН АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өміріңнің жалғасы болған ұрпағыңды біреу өлтірсе, кешірім беру оңай ма?! Ашуды ақылға жеңдіріп, кешірімділік танытудың нәпсіге де тым ауыр келетіні өтірік емес.

Дегенмен, тағдыр жазуына төзімділік танытып, ұлын өлтірген қылмыскерге кешіріммен қарай білген жандар аз емес. Сондай жандардың бірі Рабиа әл-Дусари ұлының қазасына кінәлі Файсал әл-Амери қасиетті Құран кәрімді толығымен жаттап шықса, кешірім беретініне уәде берді.

Қайғыдан қан жылаған қария бұл қадамға Шығыс провинциясының түзету жөніндегі Жоғарғы комитет өкілдерімен сұхбаттасқаннан кейін барған көрінеді. Бірақ, ол берілетін материалдық өтемақыдан бас тартып, өз шартын қойған: қылмыскер түрмеде отырған кезінде Құран Кәрімді толығымен жаттап шықса, басына азаттық алады.

Muslim.kz


(Мұхаммед) кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақнадандардан бет бұр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: