АҚШ-ТА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)

АҚШ-ТА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық Флоридада заманауи үлгідегі көрікті мешіт ашылды. Оның құрылысына 16 миллион доллар қаражат жұмсалған. Әл-Хайй мешітінің 130 футтық биік мұнарасы бар, мешіт көлемі 43 000 шаршы футты құрайды.

Жаңа ғимарат ілгергі уақытта көлемі 500 шаршы фут шіркеу болған ғибадатхананы мешітке айналдырған территорияға салынды. «Бұл ғажап ғимарат, өте көрікті. Біз осыған қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Жаңа мешіттің еңселі, биік болғаны секілді біз де жаңа жетістіктерге ұмтыламыз» дейді Флорида штатындағы мұсылман қоғамы басшысы Атиф Фарид.

Мешіт жобасы дизайнын дайындауға 15 ай уақыт кеткен, ал құрылыс 7 жыл бойы жүргізілген. Құрылыс жұмыстарына Дубай мен Түркиядан арнайы мамандар шақыртылған. Мешіт күмбезі Тассос грек аралынан әкелінген ақ мәрмәр тастан жасалған. Айта кету керек, дәл осы мәрмәр тас қасиетті Мекке қаласындағы Қағбаның еденіне төселген.

Мешіт есігі гондурастық қызыл ағаштан жасалған. Кілем қолдан тоқылған жүн мен жібектен әзірленген, ал Египеттен әкелінген алып шам әсем безендірілген мешіттің ішкі көрінісін аша түседі.

kazislam.kz


Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: