Мүгедек досын мектепке арқалап апарып жүр

Мүгедек досын мектепке арқалап апарып жүр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қытайлық Чжань Чи есімді жасөспірім бұлшық еттері тартылуы салдарынан жүре алмайды. Осыған қарамастан, ол мектептегі сабақтардан қалмайды.

Себебі оның Се Сюй атты ең жақын досы осымен 3 жыл бойы Чжаньді мектепке арқасына салып, апарып-әкеліп жүр. Мейірімді  Се Сюйдің әрекеті мектептегі өзге оқушыларға үлгі болып, қазір олар оған еліктеп, өзгелерге жиі көмектесетін болыпты, деп жазады planet-today.ru.

Таяу арада мектептегі сабақ та бітеді. Ал елгезек Се өзге қаладағы оқу орнына түсу үшін құжат тапсырды. Жолы бола қалған жағдайда, ол өзінің туған қаласынан кетеді. Оның жан досы Чжань Чи болса, сонда қала бермек.

Қазірдің өзінде бұл жарымжан жігітке ауыр тиюі мүмкін екендігі байқалуда. Бірақ мамандар Чжань сенімді достың арқасында мектеп бағдарламасын игеріп алғандығының өзі біраз жетістік екендігін айтты.  Себебі Қытайдағы мүмкіндігі шектеулі 243 мың жасөспірімді қолдау жағы мәз емес.

asyldin.kz


«Бүгін сендерге (мен тараптан) ешқандай сөгіс жоқ. Алла сендерді жарылқайды. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі» [Юсуф - 92].

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: