Шетелдіктер Абайдың латын қарпіндегі өлеңдерін жарыса оқып жатыр (ВИДЕО)

Шетелдіктер Абайдың латын қарпіндегі өлеңдерін жарыса оқып жатыр (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматылық Дәурен Куреев Broadcast Qazaqstan видеоблогының кезекті сериясында шетелдіктердің Абай Құнанбаевтың латын әліпбиіне көшірілген өлеңін қалай оқып беретіндерін көрсетті, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Видеода әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар түсірілген. Олардың ішінде нигериялық Уильям, Филипиннан Марко,  ал Қытайдан Джунгуа есімді қыз және америкалық Марк бар. Олар Абай Құнанбаевтың «Құлақтан кіріп, бойды алар» әнін оқып берді. Видеоблогердің айтуынша, қатысушылар бұл өлеңді бірінші рет оқып тұр.

«(…) Латын әліпбиіне көшу мәселесі қазақ халқын біраз алаңдатты. Сол себепті біз Президентіміздің осыған қатысты басты бір тезисін тексеріп көруді жөн көрдік. Ол осылайша шетелдіктерге қазақ тілін үйрену жеңілірек болатынын және біздің мәдениетімізді түсініп-білу оңай болатынын айтқан еді. Сондай-ақ, Президент бүкіл әлемнің қазақ тілінде сөйлейтінін айтқан болатын. Енді біз шетелдіктерге мұны оқып берудің қаншалықты оңай болатынын тексеріп көргіміз келеді», – деді видеоблогер.

qazaquni.kz


Әли ибн Әбу Тәліб (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.у.): «Өзіңе пайдасы болмаған  нәрсені тәрк ету (тастау)– Исламның көркі (кісінің жақсы мұсылман болуынан)», - деген».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: