Аудан имамы мешіттерді аралады

Аудан имамы мешіттерді аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы аудандық мешіттердің тазалығын, жұмыс тәртібін және қысқы дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында ауданда орналасқан мешіттерді аралады.

Бас имамның алғашқы ат басын тіреген Алла үйі, жаңадан тіркеуден өткен Арал ауылдық мешіті болды. Д.Жандосұлы  мешіт жамағатымен кездесу өткізді. Жиналған жамағатқа Дәуренбек Жандосұлы мешіттің тіркелу барысында атқарылған жұмыстар, мешіт жарғысы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен мешіт ережесімен таныстырып өтті. Ендігі өзекті мәселе мешіт ауласына бейнебақылау жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігін айтты. Жамағат мешіттің тіркелуіне  разылышығын білдіріп, мешітке қол ұшын созуға дайын екендерін жеткізді.

Бас имам аялдаған келесі мешіт Жамбыл ауылдық «Әл Хафиз» мешіті болды. Дәуренбек Жандосұлы мешіт жанынан салынған асхана жұмысымен танысып, мешіттің тазалығын, қысқа дайындықтарын пысықтады. Мешіт имамы Н.Кеулімжановқа нақты тапсырмалар жүктелді.

Aудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: