Қордайда күмбезі көкпен таласқан, көрікті мешіт ашылды

Қордайда күмбезі көкпен таласқан, көрікті мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қарасай ауылында «Қарасай баба» мешітінің жанынан жаңа ғимарат бой көтеріп, ашылу салтанаты өтті. 

Мешіттің ашылу рәсіміне ҚМДБ-ның  Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев, аудан әкімі Болатбек Байтөле, аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов, ауданның бас имамы Дәуренбек Жандосұлы, ауылдық мешіттердің имам-молдалары, исі мұсылман жамағат қатысты.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр Әлимұхамедұлы ауыл  тұрғындарын Алла үйінің ашылуымен құттықтап, «Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с): «Кімде-кім Алланың дидарын қалап, мешіт тұрғызған болса, Алла Тағала жәннатта оған сондай үй тұрғызады», - деген хадисін еске салды. Мешіт — кез келген адамды тіліне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлмей, бастарын бір жерге тоғыстыратын рухани орталық. Халыққа насихат, уағыз айтатын рухани орталық та осы Алланың үйі» - деп сөзін түйіндеді. 

«Сауапты іс жасаған азаматтарға облыс тұрғындары атынан шексіз алғысымды білдіремін», - дей келе, ең үлкен сыйлық - қасиетті Құран Кәрімді тарту етті.

Өкіл имам жаңа ашылған мешітте Құран аяттарын оқып, ата-баба рухына дұға бағыштады. Мешітте алғашқы намаз оқылып, шара Уәли әулеті дайындаған үлкен дастархан басындағы отырысқа ұласты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: