Қыз тәрбиесі - ұлт мәселесі

Қыз тәрбиесі - ұлт мәселесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Қызға қырық үйден тыйым" жасаған қазақ халқы үшін әйел адамның тәрбиесі күллі ұлттың тәрбиесі болып саналады. 

Бүгінгі таңдағы қыз баласының тәрбиесі қандай? Оның дұрыс және бұрыс тұстары қайсы, сынды сауалдарды талқылау мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлкеттік университетінде "Бал-Дариға" қыздар клубының ұйымдастыруымен "Қыз тәрбиесі - ұлт мәртебесі" атты кездесу өтті.

Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев арнайы шақыртумен қатысып қайтты. Дін маманы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ұлттық тәрбиеміз бен шариғат мәселесін көтерді.

Ал оқу орнының Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Арнат Ұлтанбаев пен Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының "Жастар ресурстық орталығының" аға инспектор психологы Гүлназ Қарсабекова сөз сөйлеп, бүгінгі қоғамдағы қыз баласының әдебі турасында тілге тиек етті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: