САК жұмысын бастаған мешіт алғашқы жиынын өткізді.

САК жұмысын бастаған мешіт алғашқы жиынын өткізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында Қыздар сауат ашу курсы дәрістерін бастаған Талас ауылдық "Ән-Нағим" мешіті алғашқы рет рухани кеш өткізді.

"Тегіміз, дініміз - ислам" тақырыбын арқау еткен жиын ғибратты өлеңдер мен әндерден шашу шашты. Іс-шарада айтылған уағыз-насихат көрерменнің көңіліне ерекше орнықты. 

Аталған кешке ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Қыздар-әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенова мен қала ұстаздары қатысып қайтты.

Осы мешіттің ұстазы Кәусар мен көмекшісі Гүлнұр өз жұмыстарының жемісін көрсетуге тырысты. "Көпшіліктің басын біріктіретін мұндай шараларды әлі де өткізу жостарда бар, - дейді ұстаздар.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: