Көпбалалы шаңыраққа 1 тонна көмір жеткізілді.

Көпбалалы шаңыраққа 1 тонна көмір жеткізілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәл қазіргі нарықтың тым асқақтап кеткен кезінде жағдайы нашар жандардың тыныс-тіршілігі мәз емес. Мешітке келетін осындай жағдайы төмен отбасылар күннен күнге көбеюде.  Қыс қанжарын қайраған суықта жылусыз үйдің қандай екені белгілі.

Мешітке әдетінше көмір, отын керек деп көмек сұраушылар жиналуда. Солардың бірі көпбалалы ана Алтын Қадірбековна көз жасын төгіп сұраныс жасаған болатын. Мешіт қызметкерлері ақ жаулықты нәзік жанның жанына демеу болып, қолдан келген көмекті қарастырды. Нәтижесінде 1 тонна көмір жеткізілді.

Тұрғын шын жүректен шыққан қуанышын жасырмай, алғысын айтты. 

Меркі ауданы, аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: