Бас имам имани кездесулер кезегін жалғастыруда

Бас имам имани кездесулер кезегін жалғастыруда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы  ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, ұжымдармен имани кездесулерін өткізуде.

Кезекті кездесу «Ислам тұрақтылық діні» тақырыбында аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамты бөлімінде болса, келесі кездесу  «ислам бейбітшілік діні» тақырыбында аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау бөлімінде өтті.

Бас имам  жиналған азаматтарға исламның негізгі құндылықтарын түсіндіріп, ежелден келе жатқан дәстүріміздің ата дінімізбен сабақтастығын ашықтап өтті. Ислам сөзінің өзі мойынсұну, бейбітішілк деген мағынаны бере тұра, адам баласына түгілі жануарларға қиындық тудыруға тиым салған мейірімділік дін екені түсіндірілді.

Сөзін жалғастыра келе Д.Жандосұлы өзінің теріс әрекеттерімен елімізде бүлік шығарып жатқан теріс ағымдар жайлы түсіндіріп, олардың тарихына, мақсаты мен мүддесіне және қалай сақтануға болатынына жеке-жеке тоқталды.

Мекеме ұжымы бас имамға өз көкейкесаті сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: