"Үгіт-насихат пайда береді"...

"Үгіт-насихат пайда береді"...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңдағы діни ахуал, сауаттылық жайы көпті алаңдатпай қоймайтын өзекті мәселердің біріне айналғаны мәлім. Осы орайда түрлі кездесулер мен іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Кезекті шара Байзақ ауданы Амангелді ауылында орналасқан «Қалмұрат баба» мешітінде өтті.

Ауыл жамағаты «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Бахтияр Амиреевпен жүздесіп, сүбелі сөз, көркем уағыз тыңдады.

Шам намазынан кейін өткен жиында «Жат ағымның зардаптары», «Мазһаб ұстанудың қажеттілігі» тақырыптары сөз болды.

Мешітке жиналған көпшілік дін маманына көкейкесті сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алып тарқасты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: