ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2000 жылдық тарихы бар көне Тараз шаһарында 250-ден астам дін мамандарының басын біріктірген келілі шара өтті. «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы діни қызметшілердің ықпалы» тақырыбын арқау еткен облыстық семинарға Тараз қаласы мен аудандар көлемінде орналасқан мешіт имамдарының барлығы келіп қатысты.

Жиын барысында облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров модераторлық етіп, президиум мүшелері мен қонақтарды таныстырып өтті.

Айтулы іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының бөлім басшысы Жарас Аханов, Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешітінің найб имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы келді.

Бекболат Орынбеков бас қосуға байланысты сөз сөйлеп, имамдарды алғыс хаттармен марапаттады. Ал Бауыржан Әбдірашұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы дәріс оқыды.

Сонымен қатар Жарас Иебергенұлы, Еркебұлан Ыбрайымұлы «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттары», «ІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты құжаттың басты мақсаты», «Мешіт жамағаты мен қарапайым халыққа уағыз айтудың әдебі» тақырыптарында дәріс жүргізді.

Шара соңында облыстың өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы діни қызметшілердің ықпалы» жайлы пікірін білдіріп, облыстағы дін мамандарының білімі, мешіт қызметі мен болашақ мамандарды даярлап отырған медресе тынысы туралы тілге тиек етті.

Халқымыздың біртуар перзенттерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазіргі заман – өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы», – дейді. Ортақ Отанымыз – Қазақстан халқының бірлігі мен татулығы, діни келісімге негізделген жалпыға ортақ құндылықтары – болашақ заман үшін үлгі-өнеге, өсиет болып қала бермек. Осынау мамыражай сәттер, дәстүрлі дін өкілдерінің ортақ келісімі, ымыраға негізделген ынтымағы тарих беттерінде алтын әріптермен жазылары хақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: