Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты барлық мешіттерде Рамазан айының қарсаңында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты барлық мешіттерде Рамазан айының қарсаңында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Көптен күткен Рамазан да келіп жетті. Бұл Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. Өйткені мұнда жан мен тәнді рухани тазартатын Ораза құлшылығы орындалады. Сонымен қатар рамазан айының құрметіне 20 ракаттан тұратын тарауық намазы оқылады.
Қордай ауданында өткен алғашқы тарауық намазында ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы көпшілікке "Рамазан айы" турасында әсерлі уағыз жүргізді.
Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы өңірде орналасқан "Бауырханұлы" мен "Үсенұлы" базарлары аралап, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға дін насихатын жүргізді.
Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, Дін проблемаларын зерттеу орталығының теологы Мұхтар Алексейов және бас маман Лаура ханымның қатысуымен №1 Қонаев атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесті.
Қордай ауданы Қордай ауылы "Самал" мешітінің имамы Ерлан Лукманов өңірлік өрт сөндірушілермен кездесті. Дін маманы жат ағымның алдын алу мақсатында олардың сипаты, ұстанымы турасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.