#Қордай: Мектеп оқушыларына діни ағымдар жайлы профилактикалық ақпарат берілді

#Қордай: Мектеп оқушыларына діни ағымдар жайлы профилактикалық ақпарат берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, Дін проблемаларын зерттеу орталығының теологы Мұхтар Алексейов және бас маман Лаура ханымның қатысуымен №1 Қонаев атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесті. 

Дәстүрлі емес дін және жат ағымдар бойынша жасалған профилактикалық жиынға мектептің ұстаздар қауымы да қатысты. Мамандар жалпы жат ағым деген не, омен неге күтесіп жатырмыз, олардың қателіктері, сенім тұрғысында адасқан тұстарын түсіндіріп өтті. 

"Жат ағым таратқан ақпараттардан дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарасымызға мүлдем кереғар көзқарас, ұстанымдар шығаруда. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарымызға да өзінің кері әсерін тигізуде. Қазақ халқы үшін дәстүрлі дін ретінде исламның құндылықтары әу бастан-ақ күнделікті өмірінде өз орнын алғаны белгілі. Алла тағала «Ниса» сүресінің 59-аятында: «Ей, мүміндер! Аллаға, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріңе бойұсыныңдар», – деп бұйыруда. Міне, осы қағидатқа бабаларымыз қашан да берік болып, бөлінуге жол бермеген" - деп атап өтті бас имам.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: