#Қордай: Тарауық намазда хатым түсіретін қарилар таныстырылды

#Қордай: Тарауық намазда хатым түсіретін қарилар таныстырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көптен күткен Рамазан да келіп жетті. Бұл Алланың мейірімі төгі­ліп, жұмақтың есігі айқара ашы­латын, сауаптар еселеніп жа­зы­латын шарапаты мен ша­па­ғаты мол ай. Өйткені мұнда жан мен тәнді рухани тазартатын Ораза құлшылығы орындалады. Сонымен қатар рамазан айының құрметіне 20 ракаттан тұратын тарауық намазы оқылады. 

Қордай аудандық мешітінде тарауық намазының алғашқы күні өңірдің бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жамағат алдына тарауық намазында Құран хатымын түсіретін қариларды шығарып таныстырып өтті. 

Тарауықты "Қордай Құран қарилар орталығының" шәкірттері Рамазан Жашанло мен Абубәкір Чиахонов өткізеді. Рамазанда сүннетке сай намазда толықтай Құранды оқып шығып, хатым жасайтын жастарды жамағатпен табыстарып, ақсақалдар батасын берді. 

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: