#Қордай: Өрт сөндірушілермен діни жүздесу

#Қордай: Өрт сөндірушілермен діни жүздесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Қордай ауылы "Самал" мешітінің имамы Ерлан Лукманов өңірлік өрт сөндірушілермен кездесті. Дін маманы жат ағымның алдын алу мақсатында олардың сипаты, ұстанымы турасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Имам өзі сөзінде: "Жат ниетті ағым бұқара халықты сонау ата-бабадан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту мақсатында түрлі айлы-шарғыларын жасап әлек. Мәселен, исламның атын жамылған уаһһабилер, құраниттер, ахмадияшылар, хизбутшылар, тәкфіршілер секілді ағымдар ашық та, жасырын да ел ішінде теріс бағытта қызмет жасауда. Әсіресе, қазақтың дүниетанымына сай келетін Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын мойындамай, жоққа шығарғысы келетіндер әрекеті байқалады" - деп атап өтті.

Сонымен қатар көпшіліктің сауалдарына дәлелмен жауап беріп, ағым мен хақ діннің ара-жігін ажыратып берді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: