Жуалыда имамдардың кезекті жиналысы өтті.

Жуалыда имамдардың кезекті жиналысы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше  Жуалы  ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаевтың  бастамасымен  аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде  ауыл имамдарының жиналысы өтті.  Жиналыс барысында  ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы берген тапсырмалары айтылды және ауыл молдаларының атқарған жұмыстары тыңдалды.


Жиналыс  барысында насихат жұмыстары, жұма намазындағы уағыз тақырыптары, ел арасындағы насихат жұмыстары, мектеп, колледж, кітапханада кездесулер өткізу, жат ағымдар қарсы күрес жұмыстары т.б. мәселелер талқыланды. Әсіресе заң жүзімен тиым салынған «Таблиғи -жамағат» тақырыбы да қозғалды. 


Облыстағы һибаттула медресесіне шәкірттер дайындау, сондай-ақ шаруашылық жұмыстары, көктемдегі тазалық жұмыстары, мешіттің техникалық құжаттарын реттеу, мемлекеттік  акт жасау, тіркету  немесе тиісті тіркелмеген жоюға лайықты мешіттердің  мәселелері т.б. назардан тыс қалмады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: