Қордай жеріндегі сауат ашу курсының жетістіктері.

Қордай жеріндегі сауат ашу курсының жетістіктері.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай жеріндегі сауат ашу курсының жетістіктері.
Қай заманда болса да білімнің құны өте жоғары болғандығы белгілі. Білім адамды қараңғылықтан нұрға жетелейтін дария екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Білім мен қараңғылықтың айырмасын  Ұлы Жаратушы Аллаһ тағала өзінің қасиетті кітәбінде «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?»  («Зумар» сүресі, 9-аят)  деп анық көрсетіп, Құран Кәрімде 670 жерде ілім жайында баян етеді. Сонымен қатар Құранда айтылған мәселелерді тек ілім иелері ғана түсінетіндігін көптеген аятта айтып өтеді. Білім алудың сауабы жайлы ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде былай дейді: «Ей, Әбу Зар!Таңертең үйіңнен шығып, Құраннан бір аят үйренуің сен үшін100 ракағат нәпіл намаз оқығаннан да хайырлы.

 

Сол секілді таңертең үйіңнен шығып, ілімнен бір бөлім үйренуің сен үшін мың ракағат нәпіл намаз оқудан хайырлы»Мінекей осындай істің сауабы мол екенін аңғарып, жас жеткіншектерді Ислам білімінен сусындату мақсатында және Бас Мүфти бұйрығына сәйкес аудандық «Қордай» мешітінде сауат ашу курсы ұйымдастырылғаны мәлім. Сауат ашу курсы балалардың жазғы демалысы кезінде кең қанат жайып аудандық елді мекендерде ұйымдастырылады, ал оқу жылы басталған кезде белгілі себептермен бала саны да қысқаратыны анық.


Осыған қарамастан аудандық «Қордай» мешітінің жанында ұйымдастырылған сауат ашу курсы өз жұмысын үзбей, тиімді жалғастыруда. Оқу жылының ортасы болсада курсқа 15 ұл бала және 10-ға жуық апа-әжелер мен қыз-келіншектер қатысуда.   Қажырлы еңбектің себебінен курс жетістіктері де аз емес. Мысалға айтар болсақ 10 жасар Омар Нұрали қасиетті кітәптан 9 пара жаттап, Әнкабут сүресіне дейін жеткен. Курсқа жаңадан келген 5 жасарлық Сәтпай Исмаил мен Омар Абубакр «мұғалим сәни» кітабымен танысып, араб жазуларын оқып ата-аналары мен ұстаздарын өз жетістіктерімен қуантуда. Курсқа айтып өткендей тек қана жас жеткіншектер емес 67 жастағы Қанткүл апамызда «ештен кеш жақсы» қағидасын ұмытпай араб әліппесін меңгеріп, түп нұсқада Құран оқып өз жетістіктерімен қуантуда.

 

Курстың барлық жағдайы жасалған жаңа ғимарат ішінде әдемі де, жарық сыныптар.Сыныптарда орналасқан су жаңа парталар мен орындықтар,  дәрет алуға ыңғайлы ыстық және суық суы үзілмейтін дәретхана бар. Яки, білім алуға жағдай жасалынған.Ендігі мақсат тек қана оқу, осы арқылы әрбір мүминнің мақсаты, Раббымыз Аллаһтың разылығына бөлену. Курс жұмысына табыс тілей отыра, баршамызға білім нұрынан нәсіп етуін Жаратқаннан тілейміз.


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы

 

../pic/img/кордай1.jpg

 

../pic/img/кордай2.jpg

 

../pic/img/кордай3.jpg

 

../pic/img/кордай4.jpg

 

../pic/img/кордай5.jpg

 

../pic/img/кордай6.jpg

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: