МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Ислам дінінің құндылықтары мен мақсатын түсіндіріп, жалпы халықты  теріс ағымдардың құрбаны болып, секталардың шырмауынан  сақтандыру мақсатында Қарасу ауылында орналасқан №7  А.С  Пушкин атындағы орта мектебінде  ауыл имамы С.Аманбаевтың ұйымдастыруымен «Дін және қоғам» атты жиын өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы аудандық орталық мешітте ауданға қарасты барлық ауылдық мешіттің молдалармен кездесу өткізді. Аудан имамы жиналысқа қатысқан барлық молдаларға ҚМДБ-ның бір қатар тапсырмаларын міндеттеді.

Атап айтқанда, сауат ашу курсы жұмысын жандандыру, мешіттегі тәртіпті қадағалау, тазалыққа көңіл бөлу. Келген жамағатқа немесе мешіт жамағаттарына шынайы жанашырлық танытылып, оларға дөрекі сөйлемей, мешіт қызметкерлері тарапынан жіті көңіл бөлініп, әдеп пен құрмет көрсетіліп, көркем уағыз айтып, жылы қабақ танытып, шынайы жанашырлықпен сұрағына жауап беруін, молдалар арасында қарым-қатынас нығайту сынды бір қатар тапсырмалар берілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шу ауданындағы  Бірлікүстем ауылында жылдағыдай осы жылы да сәуір айында  бесін намазынан  соң мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты және ауыл тұрғындары бірігіп ауылда алғашқылардың бірі болып сенбілік тазалығын өткізді. Мешіттің айналасын және  зират басын тазалап ағаштар отырғызылып, сенбілік өткізілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты, Тараз қаласы Тұрар Рысқұлов ауданы  «Сұлтан»  мешітінің бас имамы, Жадраев Сұлтаншәріп қажы,  аудандық орталық мешітінің қызметкерлері мен жамағатын ұйымдастырып қалада алғашқылардың бірі болып сенбілік тазалығын өткізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Жалпы қалалық сенбілікті Жамбыл облысында әр көктем сайын өткізу, жақсы дәстүрге айналған. Осы күні барша халық қалалық саябақтарда бірігіптазалық жұмысын істейді. Бірлік пен ынтымақтың нәтижесінде, Тараз қаласы жылдан жылға тотыдай түрленіп, көркейіп гүлденіп келеді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Бүгін Қордай аудандық ішкі істер басқармасының мәжіліс залында Қордай ауданы бойынша  ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімі қызметкерлері мен  Қордай ауданының Бас имамы Ә.Шалбайдың бірлесе ұйымдастыруымен «Жат ағымдарға, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес» атты жиналыс өтті. Жиналысқа аудандық прокуратура, сот, полиция, қаржы полициясы және ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қатысты. Бірінші болып аудандық ІІБ-ның бастығы орынбасары подполковник Е.бдрахманов сөз алып, жиналыстың мақсатымен және арнайы шақырылған мамандармен таныстырып өтті.