Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйырығы бойынша, еліміздегі әр өкілдіктердің, жасөспірім жеткіншектердің жазғы демалысын тиімді пайдалану үшін, сауат ашу курстары мен лагерь ұйымдастырылсын деп бұйырылған болатын.
Осы тапсырмаға сәйкес, ҚМДБ- ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің жанындағы медресенің қыз балаларға арналған бөлімінде ұйымдастырылған, оқу жасындағы қыздардың, жаздық демалысын ойдағыдай көңілді өткізілуіне орай, рухани сауаттылығын арттыратын курсы бір ай бойы сабақ жүргізген болатын.
Сабақ барысында, қыздарға сабақ беруші ұстаз Мырзабаева Камила, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өсиеттерінен, ғұламалар өмірінен сыр шертетін өнегелі өсиеттерден әр күнгі сабақ та айтумен қатар, Құран Әліппесін үйретті. Бүгін сол сауат ашу курсы, сәтті аяқталды. Бір ай бойы сабаққа қатынасқан шәкірттердің ата-аналарының Камила ұстазға алғысы шексіз.
«Һибатулла-Тарази» мешітінің
баспасөз қызметі