Жалған пікір жазушылар жауапқа тартылады

Жалған пікір жазушылар жауапқа тартылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Альбина Атен әлеуметтік желілерде пікір жазудың жауапкершілігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметі.

Ресми өкіл  брифинг барысында «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға сәйкес, интернет-ресурс БАҚ қатарына жататынын, ал онда жарияланған ақпарат БАҚ өнімі болатынын мәлімдеді.

  «Кімге тиесілі екеніне қарамастан, интернет-ресурста, соның ішінде әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат нақтылау талаптарына сай, заңды және жеке тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделеріне қайшы болмауы керек»  дейді А.Атен. 

Аталмыш заңдық талаптарға сәйкес, заңды және жеке тұлға, ұйымдарға немесе заңмен қорғалған қоғамдық мүдделерге қайшы болатын ақпаратты таратушы адамға 5000 АЕК айыппұл салынады немесе ол екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Альбина Әтейдің айтуынша, ақпаратқа қатысты қалдырған пікірлер өзге тұлғаның ар-намысына тиетін жалған мәлімет болса 2000 АЕК айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

 Kazislam.kz 


 «Нағыз мүміндер – Алла еске алынса, жүректері қобалжитын, оларға Алланың аяттары оқылса, имандары артып, Раббыларына тәуекел қылатын (жандар)».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: