Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы аяқталды (ФОТО)

Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы аяқталды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қырғызстан астанасында Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы аяқталды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Жергілікті «Анадолы» агенттігінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары Түркияның діни қорының қолдауымен жүргізілді. Мешіт Осман дәуіріндегі сәулет стилінде салынған.

Құрылыс 2012 жылы басталған. Жабық бөлігінің аумағы 7,5 мың текше метр. Мешіттің ішінде бір уақытта 6 мың адам намаз оқи алады. Жақын аумақтағы намазға жиналатын мұсылмандардың саны 20 мың адамға жетуі мүмкін.

Мешіт Анкарадағы Коджатепе ауданындағы мешіт іспеттес салынған. Құрылыс басшысы Мұса Демиржінің айтуынша, мешіттің биіктігі 70 метрлік төрт мұнарасы мен екі кіретін есігі бар.

 


«Шын мәнінде, Алладан Оның құлдарының ішінен, білімі барлары қорқады...» («Фатыр» сүресі, 28-аят) 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: