Түрік мектептері Дарвиннің теориясын оқымайды.

Түрік мектептері Дарвиннің теориясын оқымайды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Түрік Білім министрлігі, басым көпшілігі мұсылмандар болып табылатын ел - Чарльз Дарвиннің эволюция теориясын оқу бағдарламасынан алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл жайлы Turkishminute порталы мен түріктік Haberturk газеті хабарлады.

Білім және ғылым министрі Исмет Йылмаз (İsmet Yılmaz)  баспасөзге аталған өзгерістер 2017 жылы күшіне енеді деп мәлімдеді. Енді 12 сыныптың биология оқулығындағы «Өмірдің пайда болуы мен эволюция" туралы тарауын жояды. Оның орнына, оқушылар қоршаған ортаның тірі жаратылысқа әсері бөлімін оқитын болады.

Дарвин теориясы Ислам тұрғысынан қолайсыз екенін атап өткен жөн. Мұсылмандар Алланың жаратқанына сенеді және үзілді-кесілді барлық тірі организмдер кездейсоқ нәтиже болып табылады, ал адам ең төменгі организмдерден дамыды деген теорияға қарсы.

hibatulla.kz


Құранда: «Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны (Адам атаның ұрпағын) шәуеттің бір тамшысы күйінде мық­ты жер­ге (ана құрсағына) орналастырдық. Сосын ол тамшыны ала­қа­ға (жа­быс­қақ ұрық­тан­ған клеткаға) сосын оны мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жа­ра­ты­лыс­қа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді ет­пен қап­та­дық, со­сын оны басқа бір жаратылыс жасадық (жан беріп сөйлеттік)» («Муминун» сүресі, 12-14-аят) – дейді.  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: