Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жайнамаз шықты (ФОТО)

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жайнамаз шықты (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл туралы журналист Дәурен Омаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуына қарағанда бұл жайнамаз мүмкіндігі шектеулі, отырып-тұруы қиын қарт адамдарға өте ыңғайлы болмақ, дейді BAQ.kz. 

Өз парақшасында жайнамаз суретін жариялаған Дәурен Омаров мұндай жайнамазға мұқтаж жандар хабарласуына болады, қайда өндірілетінін нақтылап беремін деп жазады.

«Мүмкіндігі шектелген, болмаса жасы келіп, жүріс-тұрысы қиындаған жандарға арналған жайнамаз шығарыпты қытайлар, мұсылман болмаса да. Өте ыңғайлы, жұмсақ. Қапталында құран, тәсбиx салатын қоржыны бар. Бізде мұндайлар жоқ сияқты. Алам деушілер болса, xабарласыңыздар. зауытын тауып беремін» - дейді Дәурен.

Естеріңізде болса, бұған дейін құбыланы өзі анықтайтын, азан шақыратын, құран сүрелерін оқитын жайнамаздар жасалған болатын. 

islam.kz

 «Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан, екі туыстың арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер» («Хужурат» сүресі, 10-аят). 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: