Әлемдегі ең ерекше 20 мешіт. (ВИДЕО)

Әлемдегі ең ерекше 20 мешіт. (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешітті көркейту абыройлы іс. Әр үйдің немесе әр ғимараттың абыройы оның иесінің абыройына байланысты. Жер бетіндегі мешіттердің иесі Алла тағала. Сондықтан, «Алланың үйлері» деп аталады. Олай болса, мұсылман үшін мешіттен мәртебелі мекен жоқ шығар.

Мешіт – көпшілікке арналған қоғамдық орын. Қоғамдық орын ғана емес, әрі құлшылық орны. Дүние сөзін емес, Аллаға дұға қылатын жер. Мұндай қоғамдық орында тыныштық сақтау аса маңызды. Хадис шәріпте: «Мұсылман мұсылманның тілінен және қолынан зиян көрмеген адам», – дейді.

«Тілінен және қолынан» дегенде тек осы екі ағзасымен ғана емес, одан да басқа іспен, не жолмен өзгеге зиян тарттыру жақсы емес. Кім олай істесе, мұсылмандық қасиетін жоғалтқаны.

hibatulla.kz


Қасиетті Құранда былай дейді: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі» («Тәубе» сүресі, 18-аят).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: