Бельгия астанасы Брюссельде 2017 жылдың ақпан айынан бастап, Муниципалдық биліктің жаңа бастамасының аясында құқыққорғау қызметкерлеріне арналған ислам курстары жүргізіледі.
"Курстың басты мақсаты – Бельгияның мұсылман аудандарындағы полицияның қызметін реттеу", - деп хабарлайды Бельгиялық BX1 телеарнасы.
«Бұл тренингтер полицейлер үшін көптеген мәселелерді дұрыс шешуге көмектеседі. Құқыққорғау органы сапалы жұмыс істеу үшін ислам діні туралы базалық білім алуды жөн санайды» деп мәлімдеді Брюссель қалалық кеңесі өкілі Аннеми Маэ.
Жергілікті билік өкілінің айтуынша, жаңа жоба полицейлер мен мұсылман қауымы қарым-қатынасын реттеп қана қоймай, жастар арасындағы радикалдану, террористік қауіп-қатердің алдын алуға ықпал етеді.
hibatulla.kz
«Шынайы мүміндер – Алланың аты аталғанда жүректері діріл қағады» («Әнфал» сүресі, 2-аят)