АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы қызметіне ұсынған кандидат исламды «ұлы сенім» деп атап, белгілі бір дін және топтарға қатысты жаппай тыйым салуды қолдамайтынын мәлімдеді.
centralasian.org-тың хабарлауынша, ExxonMobil компаниясының бұрынғы басшысы Рекс Тиллерсон бұл мәлімдемесін 11 қаңтарда сенаттың сыртқы істер комитетіндегі тыңдау кезінде айтты. Сайлау кампаниясы кезінде Трамп терактіні алдын алу үшін мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізуге тыйым салуды ұсынған.
Демократиялық және Республикалық партия өкілдерінің дені бұл бастаманы сынаған.
Тиллерсон сенат мүшелеріне ExxonMobil компаниясын басқарып тұрған кезде Таяу Шығыстағы және Азияның оңтүстік-шығыс бөліктеріндегі мұсылман елдерін аралағанын баяндап, ол «бұл ұлы сенімді бағалап, мойындай бастағанын» айтты. Ол сонымен бірге экстремистерге қатысты АҚШ үлкен қауіп-қатерге тап болып отырғанын, біз бұл мәселені «жылы жауып қоя алмаймыз» деді. «Бізге қауіп-қатерді толығымен түсініп, олардың көзін жою үшін арнайы бағдарлама әзірлеп, алдын алу керек», деді ол.
Имам ибн Мажәһ Әбу Хұрайра (р.а.) жеткізген мына хадисте пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.): «Екі әлсіздің – жесір мен жетімнің малынан қашық жүрулеріңді өсиет етем», – деген.