Алепподағы кесапаттан аман қалған Сириялық баланың суреті бүкіл әлемге тараған болатын. Бүкіл отбасынан айырылған кішкене балақайды Сириядағы сұмдық, сұрапыл соғысының символы деп атап кеткен.
Бұл сурет АҚШ-тың 6 жасар баласын бей-жай қалдырмады. Алекс есімді бала Президент Барак Обамаға хат жазып, Сириялық балақайды өз отбасында әкелуін өтінген.
"Мен оны гүлдермен шарлармен күтіп аламын. Оған менің барлық ойыншықтарымды беріп, ағылшын тілін үйретемін және мектепке апарып қазірдің өзінде бізбен оқып жатқан Сириялық балалармен таныстырамын," - деп жазыпты жас американдық.
hibatulla.kz
hibatulla.kz