Мекке – мұсылмандардың қасиетті шаһары, оның «мүкәррәмә» («аса касиетті») деген теңеуі бар.
«Мәсжид әл-Хәрәм» – мұсылмандардың басты мешіті .«Мәсжид әл-Хәрәм» Мекке қаласының ортасында орналасқан. Қазіргі уақытта Мешіттің көлемі 309 мың шаршы метрді алып жатыр. Мешіттің 9 мұнарасы бар, олардың биіктігі 95 метр.
Мешіттің 4 үлкен қақпасы және 44 кіретін есіктері бар. Мешітте бір уақытта 700 мың адам намаз оқи алады.Бүгінгі күні Кағбаның аймағын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
hibatulla.kz