Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км². Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзірбайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер,армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам).
Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3-мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады.
Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. Б.з.б. 673–672 ж. қазіргі Иранның солтүстік-батысында Мидия мемлекеті пайда болып, 616–605 ж. Ассирияны талқандап, аса ірі мемлекетке айналды.
Фото: islam-today
hibatulla.kz