Хафиз (араб.: حافظ «жатқа жаттап алушы», «сақтаушы») — Қасиетті Құран Кәрімнің сақтаушысы, Құранды толығымен жадында сақтап алушы. Хафиз деп сонымен қатар ондаған мың хадистерді, олардың иснадын, риуаятшылардың қасиеттерін, сенімділігін білетін ғалымдарды атайды. Мысалға Хафиз Ибн Кәсир, хафиз әз-Зәһәби. Ауыздан ауызға берілген Ислам мұрасы дінді бастапқы қалпында сақтауда үлкен роль ойнайды. Құранды жаттап, келесі ұрпаққа жеткізу дәстүрі әлі күнге дейін жалғасуда.
hibatulla.kz