Француз еврейлері ислам дінін қабылдауда

Француз еврейлері ислам дінін қабылдауда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Франция иудейлерінің көшбасшысы өз дінінің көптеген өкілдері ислам дінін қабылдап жатқанына алаңдайтынын мәлімдеді.

Arutz Sheva израильдік басылымның хабарлауынша, ислам дінін көптеген иудейлер отбасыларымен толық қабылдағаны туралы деректер бар. Бұл Франциядағы мұсылман қауымдастығының үгіт-насихат жұмыстарынсыз болуы мүмкін емес деп санайды бас раввин.

Иудей орталығы бұл құбылыс мұсылман уағызшыларының еврейлермен тез тіл табысып, ортақ түсіністік орнауымен, еврейлерге тарихи деректер арқылы ислам қабылдауға алып келетінін мәлімдеді. Иудей қауымдастығы осы жағдайлардың алдын алу үшін ислам дінін қабылдауға көңілі ауған еврейлерге арнап тікелей желі де ашқан.

Сонымен қатар, Францияда еврейлердің ислам дінін қабылдауымен қоса Израильге қоныс аударғандар саны да арта түскен. Мәселен, 2014 жылы 6 000-ғ жуық француз иудейі Израильге кеткен болса, 2015 жылы – 8 000-нан аса еврей өз отанына оралған. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: