Эр-Риядта «Қар қаласы» пайда болды

Эр-Риядта «Қар қаласы» пайда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы астанасында жыл бойына қарлы табиғаты сақталатын ойын-сауық паркі – «Қар қаласы» пайда болды.

Snow City деп аталатын «жаңа қала» Al-Othaim Mall Rabwa сауда орталығында орналасқан. Парктегі ауа температурасы жыл бойына -3 градус салқындықты ұстап тұратын болады.

Орталықта қыс маусымына тән барлық сипаттар сақталған. Мұнда қарлы қырлардан шанамен, шаңғымен сырғанауға, мұз айдынында коньки тебуге, сондай-ақ панорамалы көпірмен жүріп, «қыс қызығын» сезінуге мол мүмкіндік берілген.

Жобаны жүзеге асыру шамамен 30 миллион долларға шыққан. Парк аумағы – 5 мың текше метр. «Қар қаласына» бір уақытта 350 адам қонақ бола алады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: