Нұқ пайғамбардың (а.с.) кемесі 6 жыл бойы соғылған. (ВИДЕО)

Нұқ пайғамбардың (а.с.) кемесі 6 жыл бойы соғылған. (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нұх (а.с) пайғамбар дереу үмбетін жинап, қажетті құрал-саймандарын сайлап, Жәбірейілдің нұсқауымен кеме жасай бастады. Жоғарыда айтылғандай, пайғамбарлар ақыретке қатысты нәрселерді үйретумен қатар өркениеттің де дамуына үлес қосқан. Керек десеңіз, өркениет пен мәдениеттің негізін пайғамбарлар қалады деуге негіз бар. Осы себепті Нұх пайғамбар да алғаш рет кеме жасап, адам баласының су бетінде жүзуіне із салып кетті. Өйткені бұл кеме тікелей Хақ тағаланың Жәбірейіл періште арқылы жіберген бұйрығы бойынша жасалды. Құранда айтылғандай әрбір шегесіне дейін уахи арқылы қағылды.

«Һұд» сүресінде ишарат етілгендей, ғалымдар кеменің ішінде арнайы пеш пен су қайнататын қазан болғандығын айтады. Яғни «кемелердің атасы» атанған Нұх кемесі бу арқылы жүзген деуге негіз бар секілді.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: