Германия тұрғындарының тең жартысы «өздерін өз елінде жат» сезінеді екен. Себебі, Федерацияда мұсылмандар көбейіп барады.
Баспа бетінде жарияланған немістер арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы осындай деректі көрсетті.
Лейпциг университеті жүргізген зерттеуге сәйкес, 2014 жылы мұсылмандардың өсу көрсеткішіне респонденттердің 43%-ы алаңдаушылық білдірсе, 2016 жылы тең жартысы – 50%-ы мұсылмандарды көбейіп барады деп санайды. Сауалнамаға қатысушылардың 25%-ы Германияға босқындардың келуіне түбегейлі қарсы.
Сауалнамаға 2,5 мың адам қатысқан.


22 Ноябрь 2025
1 Джумада-сани 1447

