Идея авторлары жаңа мобильді қосымша арқылы жалған жиһад пен радикалдануға қарсы күрес жүргізуге болатынын хабарлады.
Мұсылмандар енді имамдар қызметін телефон арқылы бағалай алады. Дін қызметкерлерінің жұмысына баға беретін арнайы қосымшаны Мохаммед Моуман есімді мароккалық азамат ойлап тапқан.
Моуман өз туындысын Mynbar, яғни мінбер деп атады. Қосымшаның көмегімен қолданушылар өзіне қажетті мешітті тауып, оның интернет бетінде қаншалықты қолдау тапқанын (лайк), имамдар жайында қандай пікірлер жазылғанын көруге болады.
Мохаммедтің айтуынша, оның қосымшасын экстремизм мен терроризмге қарсы да пайдалануға мүмкіндік мол. Себебі, ДАИШ секілді террористік ұйымдар өз қатарларына жастарды осы интернет пен әлеуметтік желілер арқылы тартып келгені құпия емес. «Алайда, біз осы жолы оларға қарсы әлеуметтік желіде антижиһад жасай аламыз» дейді ол.


22 Ноябрь 2025
1 Джумада-сани 1447

