«Қош келдің, Рамазан» жарапазан байқауы жарияланды

«Қош келдің, Рамазан» жарапазан байқауы жарияланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті қасиетті Рамазан айының құндылықтарын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қош келдің, Рамазан» атты жарапазан байқауын жариялады.

Байқау ұсынылар туындыларға қойылар талаптар төмендегідей: 

1. Байқауға еліміздің әр аймағындағы кез-келген азамат, жекелеген адамдар, шығармашылық топтар, студенттер мен мешіт шәкірттері, жалпы жамағат қатыса алады; 

2. Шілде айының 2-не дейін классикалық немесе жаңарған заманауи жарапазан мәтінін ұлттық музыкалық аспаптардың немесе басқа да музыкалық құралдардың сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеусіз халық арасында флеш-моб форматында орындап, бейне таспаға түсіріп nurastana-05@mail.ru хат қоржынына немесе WhatsApp желісіндегі +77756226922 нөміріне жолдау; 

3. Байқауға ұсынылған видео-өнімдер "Нұр Астана" орталық мешітінің YouTube, Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына #Жарапазан2016, #ҚошкелдіңРамазан2016 хештегімен орналастырылып, көпшіліктің назарына ұсынылатын болады; 

4. Байқауға ұсынылған жұмыстар ү.ж. 5 шілдесі күні қорытыланып, марапатталады; 

5.Байқау барысында 1-2-3 орын алған туындылар қаржылай және заттай сыйлықтармен марапатталады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: