Пайғамбар мешітінің алғашқы электр шамы

Пайғамбар мешітінің алғашқы электр шамы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы ақпарат құралдарында осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын Мәдина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде қолданылған электр шамының суреті жарияланды.

Шамға жапсырылған жазбаға сүйенсек, оны араб жарты аралында электр қуаты пайда болған жылы орнатқан екен. Бұл 112 жыл бұрын болған уақиға.

Сонымен, Пайғамбар мешітінде электр шамдары хижри жыл санағымен 1326 жылы пайдаланыла бастаған. Оған дейін мешітті жарықтандыруға май шамдар қолданылған.

1970-1975 жылдары мешіт территориясын кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Осы кезеңде тек қана Пайғамбар мешітін жарықтандыруға арнайы электр стансасы тұрғызылды. Ал мешіт ғимаратында 2 500-ге жуық электр шамдары орнатылды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: