«Сәлафизм» Қазақстанға қалай келді және қай жерлерге тарады? (ВИДЕО)

«Сәлафизм» Қазақстанға қалай келді және қай жерлерге тарады? (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Сәлафизм Қазақстанға 90-жылдардың басында келді және дәстүрлі емес ағым өкілдері 2000 жылдары қарқынды әрекет ете бастады.

Қазақстанда негізінен осы ағымның «байсалды қанаты» кең тараған. Алайда, кейбір аймақтарда радикалдану үрдісі қатты жүруде.

Кешегі Ақтөбе қаласында болған оқиғадан не түйдік? Қару асынған содырлардың кейбірі кеше ғана мектеп бітірген балалар.

Павлодар облысы Дін істері басқармасының бастығы Дәулет Закарьянов солтүстік өңірдегі ұя салған сәлафилік ошақтары қайда шоғырланғанын атап айтты. Бұл, әсіресе, Баянауыл ауданының Майқайың, Жуантөбе ауылдары.  Дәстүрлі емес ағым өкілдерін былтыр Сирияға екі азамат аттанған Екібастұз қаласынан да көпте кездестіруге болады. Сол уақытта аталмыш азаматтарды Түркияда құқыққорғау қызметкерлері елге қайтарған болатын.

Закарьянов Ақтөбе терактісін «саяси тапсырыс» деп бағалады. Үлкен мемлекеттермен шекараласатын Қазақстандағы жағдайдың тұрақсыздануы батыспен бәсекелестік тудыратын Қытай мен Ресейдің ықпалының төмендетуі керек болатын. Бұл жерде діни идеялар өте қолайлы сценарий болып табылды. Себебі, Қазақстанға әсер етер саяси тетік жоқ, дейді сарапшы.

Дәулет Закарьянов, Павлодар облысы Дін істері басқармасының жетекшісі:

Мұның барлығы сыртқы ықпал етушілерден. Бұл Қазақстанның тұрақтылығын бұзуды мақсат еткен белгілі саяси немесе өзге де құрылымдардың тапсырысы.

Олар бұл әрекеттерін идеологиялық тұрғыдан жасауды көздеді. Себебі, Қазақстанда басқаша әсер ету жолдары жоқ екенін біледі. Діни фактор бұл мәселеде жылдам нәтиже береді әрі қызығушылық тудырады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: