Қажылықта атқарылатын амалдардың тарихы сонау Адам (ғ.с.) атадан да ертеректен бастау алады. Ол туралы қасиеттi Құран Кәрiмде: «Ақиқатына келсек, адамдардың ғибадат етуi үшiн тұңғыш салынған үй Меккеде. Бүкiл әлемдегi қасиеттi және тура жолға бастайтын үй сол»(«Әли-Имран» сүресi, 96 аят) делiнген. Демек, адамдардың ғибадат етулерi үшiн, бүтiн әлемге мүбарак саналған тұңғыш үй - Меккедегi Қағба үйi. Сол Қағбадан бұрын жер бетiнде салынған үй болмаған.
Хадисте: «Адам Ата мен Хауа ана ұзақ жылдық айырылудан соң Арафат тауында жолыққанда (Арафат - Адам Ата мен Жәбiрейiл жаннаттан кейiн, қайта жолыққанда, Жәбiрейiл (ғ.с.) Адамнан (с.ғ.) «арафта» - яғни «таныдың ба?» деп сұраған сөзiнен шыққан деседi) Алла Тағала Жәбiрейiл перiште арқылы ол екеуiне ғибадат үйi Қағбаны салуды әмiр етiп, құрылыс бiткен соң, оны тәуап етуге бұйырып, «Сен жер бетiндегi тұңғыш адам болсаң, бұл жер бетiнде құрылған тұңғыш үй» - деген екен.

- Мировые новости
- ҚАРАЛДЫ: 3205
Қағбаның ішкі көрінісі (ВИДЕО)
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.


22 Ноябрь 2025
1 Джумада-сани 1447